Дәл осы күні, яғни 4 қазанда Халықаралық жануарлар күнін тойлау шешімі 1931 жылы Флоренцияда өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық конгресінде қабылданды. Негізгі мақсат - халықты қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы хабардар етіп тұру, жануарлар дүниесін сақтаудағы белсенділіктерін арттыру. Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жануарлардың 230 түрі мекендейді. Оның ішінде құстардың 162 түрі, сүтқоректілердің 57 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі, балықтардың 5 түрі кездеседі. Құстардың 6 түрі, балықтың 1 түрі және сүтқоректілердің 1 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.